2248

19-21 шілде күндері Республика даңғылындағы қозғалыс шектеледі

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Республика даңғылы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың шілде айының 19-нан 21-не дейінгі мерзімде Бөгенбай батыр даңғылынан бастап А. Иманов көшесіне дейінгі учаскеде Республика даңғылы бойынша ішінара автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады. Сондай-ақ, 09:00-ден бастап Республика даңғылы - Ә. Жәнгелдин көшесі, Республика даңғылы - С. Сейфуллин көшелерінің қиылысында, 18:00-ден бастап - Республика даңғылы - Абай даңғылы, 21:00-ден бастап - Республика даңғылы - Кенесары көшелерінің қиылысында өту жолдарындағы автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет.

Жөндеу жұмыстарының аяқталуының қысқа мерзіміне байланысты, жоғарыда көрсетілген учаскедегі жұмыстар тәулік бойы (күндізгі және түңгі уақытта) жүргізілетін болады.

Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және тәулік бойы жүргізілетін жұмыстарға қала тұрғындары мен қонақтарына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109