3823

Жоғары оқу орындары мен колледждерде "Қазақтану" пәнін енгізуді ұсынды

Қалалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен "Қазақтану" - ел бірлігінің негізі "("Қазақтану" – халық бірлігінің негізі) атты республикалық ғылыми - тәжірибелік конференция өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жансейіт Түймебаев, қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Конференция жұмысын қазақ ойшылының 175 жылдығына арналған Ұлы Абайдың шығармаларын орындау бойынша челлендж өткізілді. Елордалық этномәдени бірлестіктер "Көзімнің қарасы" әнін орындап, эстафетаны Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясына тапсырды. Конференцияны аша отырып, Бахтияр Мәкен "Қазақтану" жобасының басты міндеттерінің бірі – жалпы мәдени код, бірыңғай құндылықтар және барлық қазақстандықтардың этникалық қатыстылығына қарамастан тарихи санасы негізінде халық бірлігін нығайту екенін атап өтті. "Жобаның тағы бір міндеті - өзара іс-қимыл саласын кеңейту және этностар коммуникациясының жаңа арналарын жандандыру, аға ұрпақ тәжірибесі мен қазақ өмірінің философиясының ғасырында қалыптасқан тәжірибесі, толеранттылық пен өзара көмек көрсету, ортақ тарихымыз негізінде бірлікті нығайту", - деп толықтырды ол.  Елбасының Ассамблеяның 26–шы сессиясында көтерген "Қазақтану" ҚХА жобасы "Рухани жаңғыру" идеясын дамытып, қазақ халқының мәдениетін, тарихын, философиясын, құндылықтарын Қазақстан этностары арасында насихаттауға бағытталған. Конференцияға сондай-ақ Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, шығармашыл зиялы қауым өкілдері, елордалық этномәдени бірлестіктер, ҚХА жастар қанаты, үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша Қарар қабылданды. Іс-шараға қатысушылар ЖОО-да "Қазақтану" пәнін енгізу, ҚХА мектептері мен этнолингвистикалық орталықтарында үйірмелер ашу, этностарды Қазақ қолөнері мен кәсіпшіліктеріне оқыту бойынша Достық үйлері жанындағы шеберлік-сыныптар мен курстар туралы ұсыныстар енгізді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109