9512

Елордалық полицейлер қала мен саяжайларда рейдтер жүргізуде

Елордалық полицейлер "Стоп-қылмыс" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 180 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Қалалық тәртіп сақшылары қаланың шет аудандарын, соның ішінде саяжайларда жергілікті-рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Полиция департаментінің қызметкерлері саяжай, гараж қоғамдарының, ТҚС, металл сынықтарын қабылдау пункттерінің және т. б. орындарда рейдтер жүргізді.

Іс-шара аясында 20-дан астам шетел азаматтары республикада болу ережелерін бұзған. Сондай-ақ 20 техникалық қызмет көрсету станциясы, 18 металл қабылдау пункті тексерілді. Тексеру барысында өрт сөндіру жеңдері, аккумуляторлар, автомобиль магнитолдары, айналар және есептен шығарылған мемлекеттік тіркеу нөмірлері, кабельдер мен велосипедтер табылды.

Анықталған 180 әкімшілік құқық бұзушылықтар - белгіленбеген орында сауда жасау, суды пайдалану ережелерін бұзу, ұсақ бұзақылық, спирттік ішімдіктерді ішу, тіркеусіз тұру сынды құқық бұзушылықтарға тиесілі.

Бұдан басқа, полиция қызметкерлері 5 бөтен мүлікті ұрлау, 2 автокөлікті айдап әкету, 4 есірткі заттарын тарату қылмыстарын анықтады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109