4433

Елорда әкімі үлестік құрылыс нысандарын салушыларға: халықты күнде ертеңмен алдаусыратудың қажеті жоқ

Елорда әкімі Алтай Көлгінов үлескерлік құрылыстың проблемалық нысандарын қайта аралады. Қала басшысы "Загреб" ("Успех Сити"), "Орбита", "Жасыл Астана"тұрғын үй кешендерінің шешілмеген мәселелерімен танысты.

Бірінші нысан Петров, 10 мекен-жайында орналасқан "Орбита" тұрғын үй кешені болды. Рұқсат беру құжаттарының жоқтығына қарамастан ғимарат салынып, тұрғындар қоныстандырылды, сонымен қатар пайдалануға беру жұмыстары жүргізілген жоқ. Қазір құжаттама мен жұмыс жобасын пысықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

А. Көлгінов үйге техникалық тексеру жүргізу қажет екенін атап өтті. "Шұғыл шаралар қабылдау керек. Плитаның құлауы қауіпті. Үйге техникалық тексеру жүргізіп, одан әрі іс-қимыл алгоритмін қабылдаймыз. Ғимараттың қасбетін тиісті түрге келтіру қажет", - деді әкім.

Екінші нысан Айнакөл көшесі мен М. Жұмабаев даңғылының қиылысында салынып жатқан "Жасыл Астана" ТК болды. Ғимарат 2009 жылы тұрғызыла бастаған. 2 жылдан кейін құрылыс тоқтатылып,  2016 жылы тұрғын үй құрылыс коопретаиві тартқан инвестордың күшімен қайта қолға алынған.

Үлескерлердің айтуынша, көптеген отбасылар ипотека үшін ай сайын 100 мыңнан астам теңге төлейді, ал үйге кірмеген. Осы уақытқа дейін үй пайдалануға әлі тапсырылмаған. Тұрғын үй құрылыс кооперативі  пайшыларының саны 380 адамды құрайды.

Үшінші нысан - "Загреб" ТК. Ол Маңғыстау Ел және Т. Рысқұлов даңғылдарының қиылысында орналасқан. Кешен төрт жыл бұрын - 2015 жылы проблемалық деп танылған. Тұрғын үй құрылысының проблемасын шешу үшін алданған үлескерлер инвесторлармен тұрғын үй-құрылыс кооперативін ұйымдастырып, келіссөздер жүргізуде.

"Егер инвестордың қаражаты болатын болса, әлдеқашан  орталық тұрғыза бастар еді, кез келген инвестор осында келеді. 3 жылда екі үй салуға болады. Адамдарды ертеңмен алдаусыратудың қажеті жоқ. Бір рет салуға уәде берді ме - салу керек", - деп атап өтті А. Көлгінов.

Жалпы алғанда үш проблемалық кешенде 915 үлескер бар. ("Орбита" ТК - 330, "Загреб" ("Успех Сити") – 205 , "Жасыл Астана" ТК - 380).

Қала әкімі Алтай Көлгінов ұзақ құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.  Сондай-ақ, әкім барлық мүдделі тараптардың жинақталған проблемаларды шешуде келісілген жұмысының маңыздылығын атап өтті. Қалада барлығы 51 аяқталмаған проблемалық нысан қалды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109