1259

Нұр-Сұлтан қаласында мұқтаж жандарға арналған бірінші республикалық «Асыл жүрек» шығармашылық фестивалі өтті

Астаналық "Қамқор" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында денсаулығында менталдық ауытқушылығы бар адамдарға арналған "Асыл жүрек" атты I республикалық шығармашылық фестивалі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Жыл сайын өткізілетін "Асыл жүрек" бірінші фестиваліне Нұр-Сұлтан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарының 5 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қатысты. 

Командалар үш номинацияда өз нөмірлерін көрсетті: "Вокал", "Хореография" (халықтық, заманауи билер), "Театрландырылған қойылым: әлеуметтік спектакль".

Фестивальдің қазылар алқасының төрағасы қазақстандық эстрада әншісі Бауыржан Исаев болды. Төрешілер командасының құрамына театр және кино актері, әнші, режиссер Ерлан Малаев, театр актрисасы, актерлік шеберлік оқытушысы Сымбат Амантаева, хореограф Динара Нұрова және т.б. кірді.

Номинациялар бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды, фестивальдің барлық қатысушыларына естелік сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шараның мақсаты денсаулықтарында ауытқушылығы бар адамдарды бір шығармашылық алаңда біріктіру болды. Қонақтар мен қатысушылар керемет әсер алды. Фестивальді өткізу бойынша эстафетаны Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының "№ 1 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-не тапсырды.

Сонымен қатар, іс-шара аясында спорт алаңында қозғалмалы ойындар мен дискотека элементтері бар ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бес орталықтың қызмет алушыларының жұмыстары ұсынылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109