Жалпыға міндетті оқу қоры аясында елордалық 5 мың оқушыға көмек көрсетіледі
Биылғы жылы елордалық мектептерге ата-аналардан 5 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин мәлімдеді, деп қала әкімдігінің сайты хабарлайды.
Барлық мектептерде қарастырылған жалпыға міндетті оқу қоры аясында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетіледі. Егер отбасы АӘК алмаса, бірақ оның жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болса, балалар да осы көмекті ала алады.
Бағдарлама шеңберінде оқушылар күніне бір рет ыстық тамақпен, қажетті кеңсе тауарларымен, мектеп және спорт формасымен, жекелеген жағдайларда жылы киіммен, соның ішінде қысқы киіммен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ мәдени-бұқаралық спорттық іс-шараларға қатысуға және жазғы демалыспен қамтуға көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың шешімімен Нұр-Сұлтанда ай сайын жол жүру карточкаларын толтыру жеңілдіктері ұсынылады.
"Егер отбасы төтенше жағдайдан зардап шексе және шұғыл түрде көмек көрсету керек болса, мектеп қаржы бөлуі мүмкін. Өткен оқу жылында бұл көмек түрімен 2 мыңнан астам оқушы қамтылса, осы жылы 5 мыңға жуық өтініш берген. Жалпы алғанда, бұл сан жыл соңына дейін 8 мыңға өседі деп болжап отырмыз. Бұл көп жағдайда АӘК алушылар санының артуымен байланысты", - деді Әнуар Жанғозин.
Егер әр түрлі себептермен отбасы жалпыға міндетті оқу қорының өлшемдеріне тап болмаса, бірақ балалар көмекке мұқтаж болса, олар оны шілде айында басталған "Мектепке жол" акциясы шеңберінде ала алады. Биылғы жылы ол " Жүректен жүрекке!" деген атаумен 3 мыңнан астам баланы қамтитын болады.
Акция аясында өткен жылы 7 мыңнан астам балаға 153 млн.теңгеге көмек көрсетілді.
Үш ауысымды мектептер мәселесі туралы айта келе, Әнуар Жанғозин өткен жылы мұндай оқу орындары № 5, 14, 24, 31 және 40 мектептер болғанын хабарлады.
Мәселені шешу мақсатында алдағы оқу жылында № 40,31 және 24 мектептерге қосымша құрылыстар іске қосылады. Сондай-ақ, №5 мектеп ауданында жаңа жалпы білім беретін мекеме салынуда.
Бірінші сыныпқа 23 мыңға жуық оқушы барады, сондықтан мектептерді қайта нығайту мәселесі өзекті болып қала бермек. Оны шешу үшін 9 жаңа мектеп пен 10 қосымша құрылыс салынып жатыр.
Сонымен қатар, білім басқармасының мәліметінше, елордада 200 мұғалім, негізінен бастауыш сынып мұғалімдері мен тәрбиешілерге деген сұраныс бар.
"Жоғары оқу орындарының түлектері мен жас мамандарды мектептерге тарту үшін тамыз-қыркүйек айларында 300 орындық жатақхананы іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, өткен жылдан бастап мұғалімдерге 275 тұрғын үй сертификаты берілді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz