Нұр-Сұлтанда № 18, 28, 52, 54 маршруттар қозғалысының схемасы уақытша өзгертіледі.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты тамыздың 1-і мен 10-ы аралығында елордада Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы шектеледі. Сондай-ақ 4 қалалық маршруттың қозғалыс схемасы уақытша өзгертіледі, деп қала әкімдігінің сайты хабарлайды.
Жұмыстарды жүргізу кезіндегі өзгерістер № 18, 28, 52, 54 автобус маршруттарының қозғалыс схемасына қатысты болады.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласының ЖП әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп "Астана қаласындағы №1 жоспарлау ауданының инженерлік желілері мен жолдары (№19 көшенің оңтүстігіне қарай)" жобасын іске асыру шеңберінде жүргізеді. Құрылыс Түркістан көш. (№34 көш.)".
Жолда кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтарына өз маршруттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береміз.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz