2247

МӘМС енгізу аясында бірқатар қызметтердің қолжетімділігі кеңейтіледі

Бүгін БАҚ өкілдеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аясында медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдері түсіндірілді.

 №9 қалалық емханада МӘМС енгізу мәселелері бойынша баспасөз туры өтті.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты медициналық қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін әзірледі. Осы жүйенің бірінші деңгейі ҚР барлық азаматтары, оралмандар мен тұрақты жасайтын шетелдіктерге мемлекеттік бюджет есебінен ТМККК беруді қамтамасыз етеді.

Бұл пакет тіркелген жердегі алғашқы медициналық-санитариялық көмек, жедел жәрдем, санитариялық авиация және шұғыл стационарлық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен негізгі созылмалы аурулар кезінде медициналық көмектің толық спектрі сияқты тегін медициналық көмектің түрлерін қамтиды.

Екінші деңгей - сақтандырылған халыққа арналған ТМККК-ден тыс қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін және консультациялық, диагностикалық, жоспарлы стационарлық көмек пен аурулардың кең спектрі бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, стационарды алмастыратын көмекті, оңалтуды және қалпына келтіру емін қамтитын МӘМС пакеті.

Үшінші деңгей - бұл ТМККК және МӘМС пакеттеріне кірмейтін медициналық қызметтер.  Олар ақылы немесе ерікті медициналық сақтандыру есебінен беріледі.

Емханада атап өткендей, МӘМС енгізу аясында бірқатар қызметтердің қолжетімділігі кеңейтіледі. Олардың арасында қымбат диагностикалық және стоматологиялық қызметтер бар. Олар бойынша қаржыландыру тиісінше 3 және 2,3 есе өседі.

МӘМС енгізу мәселелері бойынша емхана қызметкерлері халық арасында белсенді ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, емханада автоматтандыру, жабдықтау және цифрландыру мәселелері шешілді. «Астана — адалдық алаңы» жобасы аясында емхана смарт-қосымша немесе бірыңғай Сall-орталық - 109 арқылы дәрігерлерді қабылдауға алдын ала жазылу арқылы «кезексіз» жұмыс режиміне көшті. Осылайша адам факторы азайтылып, күнделікті кертартпалыққа негізделген міндеттер автоматтандырылды.

Емхана немесе тікелей дәрігер туралы тілектер мен пікірлерді Smart Аstana мобильдік қосымшасы арқылы қалдыруға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109