3302

Әкімдік пен «Даму» қоры кәсіпкерлікті дамытудың болашағын талқылады

Қала әкімі Алтай Көлгінов пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Гауһар Бурибаева кәсіпкерлікті дамытудың болашағы мен аз қамсыздандырылған отбасыларды қолдау шараларын талқылады. Бұл жиынға сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аймақ басшылары және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиал басшысы қатысты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнесті дамытуды қамтамасыз етіп, азаматтарды жұмыспен қамту мәселесін шешуді тапсырды. Осыған орай Елорда әкімі Алтай Көлгінов басым бағыттарды атап көрсетті.

Біріншіден, экономиканың қарапайым секторларын жүзеге асыруға  ден қою керек. Бұл бағдарламаға сәйкес кәсіпкерлер жылдық үстемесі 6% несие ала алады.

Екіншіден, қазіргі кездегі 7 бағдарламаны бір бағдарламаға сәйкестендіргенде қаржының жалпы сомасы 7 миллиард теңге шамасын құрайды.

Бағдарламаны қаржылай қолдау шараларын жүзеге асыру басталғаннан бері 1800-ден астам жеке кәсіпкерлік субъектісі қамтылып, 9 мың жаңа орын құрылған. 18 мыңға жуық жұмыс орны сақталды. 

Кездесу соңында тараптар кәсіпкерлікті дамыту саласы бойынша алдағы уақытта ынтымақтастықты нығайту жоспарларымен алмасты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109