9904

Отбасылық форум: әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа шаралары

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен «Атамекен» ҰКП-пен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Кәсіпкерлік саласындағы гендерлік саясаттың өзекті мәселелері, аймақтық әлеуметтік бағдарламалар мен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету сұрақтарын талқылады.

Іс-шара келесі бағыттарды қамтыды: «Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасын дамыту», «Отбасы - қоғамның негізі» және «Отбасы қауіпсіздігі».

Барлық қатысушыларды қарсы ала отырып, қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған жобалар туралы айтып берді. Оның айтуынша, қалалық әкімдік «Жанұя» отбасылық институтын қолдау орталығын құру туралы шешім қабылдады.

«Бұл құрылымның қызметі өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесуге бағытталған. Білікті мамандар 7 бағыт бойынша кеңес береді: Open Space, денсаулық сақтау, білім беру, қол жетімді баспанамен қамту, IKomek базасында Call-орталық, азаматтарды әлеуметтендіру бағдарламасы» - деді Мәкен.

Халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерінің қажеттіліктеріне тоқталған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова мемлекет барлық мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге тырысып жатқандығын айтты. Оның айтуынша, бүгінде тұрғын үй, білім беру және медициналық қызметтер саласында көптеген жұмыстар атқарылуда: тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылуда, оқыту гранттары көбірек бөлінуде.

Айта кету керек, шара аясында ұйымдастырушылар отбасылардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге көмектесуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Форумға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мақсат Сқақов, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғамдық пен үкіметтік емес ұйымдар. және Нұр-Сұлтан қаласының отбасылары да қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109