5791

Елорда әкімдігі: қала тұрғындарымен кері байланыс қоғамдық көлік мәселелерін шешуге көмектеседі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде әкімнің орынбасары Нұрлан Нүркеновтің төрағалығымен қоғамдық көлік және көлік инфрақұрылымы саласындағы түйткілді мәселелер бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының апта сайынғы  отырысы болып өтті.

Жиын барысында қоғамдық көлік жұмысы жөніндегі аралық есептер оқылды. Қалалық іKOMEK109 орталығы басшысының орынбасары Дина Темірғалиева  19 шілде мен  25 шілде аралығындағы  кезеңде 695 шағым мен консультативтік сипатта 5 495 өтініш келіп түскенін хабарлады. Қазіргі таңда іKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына өтініштердің  көпшілігі қоғамдық көліктің қатысуымен болған ЖКО бойынша келіп түсуде.

іKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына жолақы төлемінің электронды жүйесінің жұмысына қатысты шағымдар келіп түсуде. Осы тұста «Астана LRT» ЖШС Төлем жүйелері департаментінің директоры Бақтияр Арынғазиев тұрғындардың 93% жолақысын қолма-қол ақшасыз: QR-код немесе SMS-хабарлама арқылы төлейтінін және тек 7% ғана қолма қол ақшамен төлейтінін мәлімдеді. іKOMEK109-ға келіп түскен өтініштерді  талдау негізінде өтініштердің 42 % жұмыс жасамайтын RTVM автоматтарына қатысты екені белгілі болды. RTVM автоматтарына қатысты туындайтын түйткілдердің себептері:

- купюрақабылдағыштың бағдарламалық/физикалық істен шығуы;

- купюрақабылдағыштың  ақшаны майыстыруы (ескі купюраларды енгізу);

- тиындардың кептелуі;

- купюрақабылдағышқа бөтен заттардың салынуы.

Түйткілдерді жою мақсатында ағымдағы жылдың 20 шілдесінде 6 жаңа купюрақабылдағыш сатып алынды. Қазіргі таңда қала бойынша 221-ден астам орын жұмыс жасап тұр.

«Жолаушылардың билет сатып алмау» тақырыбы қозғалды. «Астана LRT» ЖШС Көліктік бақылау департаменті директорының м.а. Рашид Рахматулин қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс және сыйақыдан айыру түрінде 5 тәртіптік жазалау шаралары қабылданғанын баяндады.

Сонымен қатар Автобус парктерін көлікпен қамтамасыз ету  де маңызды мәселелердің бірі болып табылады. «№3 автобус паркі» ЖШС директоры Бауыржан Тілеубергенов қазіргі таңда 164 автобус бар екенін, сонымен қатар парктің өз қаражаты есебінен 2автобус сатып алынғанын айтып берді.

Жиын барысында қоғамдық көлік жүргізушілерінің жұмысы жөніндегі мәселелер қарастырылды. Автобус есіктеріне адам қысылып қалған жақында болған жағдай талқыланды. «№3 автобус паркінің» директоры жүргізушілерге қатысты жұмыс жүргізіліп, оларды жұмыстан шығаруға дейінгі шаралар қабылданып жатқанын, сонымен қатар «№8 автобус паркінде» жүргізуші өрескел қателік жібергені үшін жұмыстан босатылғанын баян етті.

iKOMEK109-ға келіп түскен әрбір  өтініш тиісті жауапты ұйымға жолданып қана қоймай, қаланың жүйелі түйткілдерін талдауға,  ары қарай мәселені елорда басшылығы деңгейінде көтеруге негіз болатынын мәлімдейміз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109