5938

Елорда әкімдігі жоғары оқу орындарын бітірген түлектерді тәжірибеден өтуге шақырады

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жанындағы «Жастар практикасы» ұйымымен колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері үшін ақылы тәжірибе өту ұйымдастырылды.

Бағдарламаның  мақсаты – түлектердің алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтауына, кәсіби білімдерін арттыруына, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетілігін арттыруға және жұмысқа орналасуға ықпал ету болып табылады.

Бағдарламаға қатысушыларға еңбекақы республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен төленеді және қатысудың ең көп мерзімі 6 айдан аспайды.

Айлық еңбекақысының көлемі - 70 139 теңгені құрайды.

Жастар практикасы жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылуда.

Ағымдағы жылдың басынан Жастар практикасына оқу орындарының 591 түлегі қатысуда. Жалпы, 2019 жылы аталған бағдарламаға 1200 жас түлек қатысады деп күтілуде.

Байланыс телефондары: 57-88-86, «Өркен» БО, Бейбітшілік, 25 мекен-жайы бойынша

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109