6398

Елорда әкімі әріптестеріне: «Бізге азаматтар жазбаша жауап алу үшін емес, көмек алу үшін келеді»

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды кезекті қабылдауын өткізді. Елорда тұрғындары дәрі-дәрмек, білім алуға және балабақшаға жолдама алуға, жұмыс табуға және жеке ісін дамытуға көмек сұрап келді. 

Қабылдау барысында аудан әкімдері, басқарма басшылары және олардың орынбасарлары тұрғындарға әрдайым ақпаратты толық жеткізбейтіні және жүргізіліп жатқан жұмыс жоспарлары мен көмек көрсету шаралары туралы қарапайым тілде түсіндірмейтіні анықталды.
Нұргүл Иманғалиеваның айтуынша,оны ешкім қабылдамаған және жаңбыр кезінде баламен бірге ғимараттан шығарып жіберген.
Өз кезегінде Асқар Бекмағамбетов өз проблемаларымен бөлісті - ол отбасымен бірге Селикатный ауылында тұрады, үй апатты жағдайда деп танылған. Қазіргі уақытта ғимаратта 50-ге жуық адам тұрады.
Қазірдің өзінде кіреберістің бір есігі сынған. Біз үйіндінің астыңда қалып қоямыз ба деп қорқамыз. Бізге үйімізді қашан құлататынын және қай уақытта көшіретінін айтпайды», - деді А. Бекмағамбетов.
Қаланың әкімі Алтай Көлгінов Селикатный ауылындағы үйлерге баруды жұмыс кестесіне енгізді.
Қала басшысы әріптестерімен бірге халықпен нақты кері байланыс орнату қажет екенін атап өтті.
"Жұмысқа деген қатынасты өзгертіңіздер. Біз халықпен бірге болуымыз керек. Адамдарға қарапайым ортақ тілмен түсіндіріп, олардың өтініштерін зейін қойып тыңдау керек. Олар біздерге өз шешілмей жүрген мәселелерін айтып көмек сұрап келеді. Қағазбастылықпен айналысудың керегі жоқ! Олар қала тұрғындары. Жұмыстарыңызға деген көзқарасты өзгертіңіздер. Жауапкершілікті бір-бірлеріңізге жүктей бермей, хабарлап, айтып жұмыс істеу керек",-деді қала басшысы А.Көлгінов.

А.Көлгінов тұрғындардың өтініштерін тыңдап, мәселелерінің шешімін іздеп, хабарлап тұру қажет деді.
Жалпы қабылдау жүргізілген бір айда 200-ден астам адам қабылдады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109