6989

iKOMEK109 орталығы ПИК-тер мен лифт компанияларының сапасыз жұмысының жүйелік жағдайларын талдауды күшейтеді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы жән бақылау басқармасында Нұрлан Нүркеновтің төрағалығымен ПИК пен лифт шаруашылықтары жұмысының проблемалы мәселелері бойынша жиын болып өтті. Қалалық iKOMEK109 орталығы тұрақты түрде елорда тұрғындарымен байланыс негізінде жасақталатын қаланың жүйелі түйткілдерін талдайды. 

Жиын барысында күнделікті iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына келіп түсетін ПИК жұмысының проблемалы мәселелері қаралды. Ағымдағы жылдың басынан бері КПТҮ желісі бойынша 15 560 өтініш келіп түсті. Ағымдағы жылдың 16 шілдесі мен 23 шілдесі аралығындағы кезеңде 473 өтініш келіп түсті, бұл өткен апталармен салыстырғанда 2%-ға көбірек. Өтініштердің көпшілігі сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және санитарлық тазалау мәселелеріне қатысты.

«Ағымдағы жылдың басынан бері КПТҮ-лердегі қасбеттердің қанағаттанарлықсыз күйіне байланысты 534 өтініш келіп түсті, оның ішінде 363 өтінім қаптайтын тақтайлардың құлауына, салбырауына және сыртқы қабатты қалпына келтіруге байланысты болды. Қазіргі таңда 23 өтініш атқарылу үстінде. Тәулігіне орта есеппен 12 өтініш келіп түседі. Атап айтқанда, келіп түскен өтініштердің көпшілігі "Тұрмыс" ЖШС және "Құрмет 2000" ЖШС ПИК-теріне жолданды. Сонымен қатар 2018 жылы iKOMEK109-ға лифт жабдықтарының жұмысы бойынша 3 539 өтініш келіп түсті. 2018 жылы iKOMEK109 операторлары қабылдаған өтініштер саны 1977-ні құрады. Тек ағымдағы жылдың басынан бері операторлар 2 201 өтінішті қабылдады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі өтініштер санымен салыстырғанда 10%-ға артық», - деп баяндады Қалалық iKOMEK109 орталығы басшысының орынбасары Дина Темірғалиева.

Осылайша, iKOMEK109 ұсынған талдау мәліметтері негізінде Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы ПИК пен лифт шаруашылықтарының проблемалы мәселелеріне нақты мерзімдер белгіледі. 3 апталық отырыстар нәтижесінде тиімсіз ПИК-тер анықталды. Қазіргі таңда ПИК-тер шағымдар мен өтініштерді шешу бойынша жұмыс жүргізуде, олардың қорытындысы бойынша жұмыс жөнінде есептер ұсынылатын болады.

iKOMEK109-ға келіп түскен әрбір өтініш тиісті жауапты ұйымға жолданып қана қоймай, оларды шешу бойынша нақты шаралар қабылдау үшін қаланың жүйелі түйткілдерін талдауға негіз болатынын мәлімдейміз.

Өз кезегімізде, азаматтардың белсенділік танытуы жүйелік мәселелерді шешуге негіз болатынын атап өткіміз келеді. Азаматтардың өтініштері негізінде ПИК-тер рейтингісін құрып, олардың көмегімен тұрғындар дауыс бере алады және жүйелік мәселелерді шешуге белсенді қатысады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109