6151

36 отбасы «Нұрлы Ертіс» бағдарламасы бойынша Екібастұзға көшті

«Нұрлы Ертіс» бағдарламасы аясында қалада тұрғын үй кезегінде тұрған 36 отбасы Екібастұзға қоныс аударды, -деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен көшіру үшін арнайы көлік бөлінген.
Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қоныс аудару және жаңа пәтерлерге көшу барысын қадағалады.
Еске сала кетейік, осы мақсатта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ ресми интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілеріне тұрғын үй кезегінде тұрған 3 және одан көп балалары бар отбасылардан өтініштер қабылдау туралы хабарландыру жариялаған болатын.
Жалпы алғанда отбасыларға 78-80 ш.м. ауданы бар 122 үш бөлмелі пәтер және 58-60 ш.м. ауданы бар 100 екі бөлмелі пәтер қарастырылған, ай сайынғы жалға алу төлемі бір шаршы метрге 99 теңгені (пәтерге айына 5750 теңгеден бастап айына 8000 теңгеге дейін) құрайды.
Бұдан басқа, Павлодар облысының әкімдігі ересектерді жұмысқа орналастыруға, көпбалалы отбасылардың балаларын мектептер мен бала-бақшаларда тегін орындармен қамтамасыз етеді. Мектеп жасындағы оқушыларды мектеп киім үлгісі және жабдықтармен, тегін тамақпен қамтамасыз етеді. Барлық балаларға және ата-аналардың біріне көліктік жол билеттері берілетін болады. Көпбалалы отбасылар Екібастұз қаласында тұрақты тіркеуге алынады.
Павлодар облысының әкімдігі өкілдерінің айтуынша, жекешелендіру мәселесі жалға берілетін тұрғын үйде 5 жыл тұрақтағаннан кейін оң шешімін табатын болады.
Бүгінгі күні Екібастұзға 102 отбасы (610 адам, оның ішінде еңбекке жарамды – 187 адам, балалар – 423) қоныс аударды.
«Нұрлы Ертіс» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласынан Екібастұз қаласына қоныс аударуға ниетті отбасыларды жинақтау жалғасуда. Аяқталғаннан кейін екі бөлмелі пәтерге қоныстандыру үшін отбасылардан өтінімдер қабылданатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109