5600

Қаланың шет аудандарында тұрындардың 25 % тұрады – А. Көлгінов

Алтай Көлгінов қаланың шет аударына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Жалпы елордада 16 тұрғын үй алабы бар.

«Елбасы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде елорданың шет аймақтарын дамыту бойынша тапсырма берді. Біздің қалада 16 тұрғын үй алабы бар. Онда 280 мың адам тұрады. Бұл қала тұрғындарының 25 % құрайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың шет аудандарын дамытуды тапсырды. Үш жылдық кезеңге нысандардың тізімі әзірленді. Осы бойынша жұмыс жасаймыз», - деді А. Көлгінов.

Қала әкімі шет аудандардың түйіткілді мәселелері 3 негізгі блокқа бөлінгенін атады. Бұл жол және инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік нысандардың аздығы, абаттандыру мәселелері.

Тұрғындар көшеге жарық орнату, жол және жаяу жүргіншілер үшін тротуарлар салу, орталық су құбырын тарту, жылу беру мәселесін шешу, канализация жүйесін құру мәселелерін көтерді. Елорда әкімімен кездесу барысында  тұрғындар осы аумақта тұратын азаматтардың еш жұмысты жатырқамай, еңбекке жақын екенін айтты.

«Біз осы жерде туып-өстік, білім алдық. Тұрып жатқан ауданымызда өмір сүруге қолайлы жағдай жасалса дейміз. Бұл жерде нағыз еңбексүйгіш азаматтар тұрып жатыр», - деді тұрғындар.

Қаланың шеткері аймақтарының басты проблемаларының бірі – тұрғындардың 30 % орталық су құбыры жоқ. Өндіріс, Мичурино, Интернациональный, Көктал, Пригородный, Железнодорожный тұрғын үй алаптарының тұрғындары колонкалардан су алады. Бұған қоса, 698 көшенің 245-і тас төселмеген.

Абаттандыру бойынша биылғы жылы 6 балалар алаңының құрылысы жүруде, ағаш отырғызу, жылы аялдамалар салу және гүлзарлар салу жұмыстары жүргізілуде. Жылдың соңына дейін 42 көшені жарықтандыру, 5 ауланы абаттандыру шаралары аяқталады.

Ильинка және Лесозаводтағы үш ауысымда оқитын екі мектептің мәселесін шешу үшін жобалау жұмыстары басталды.

Қаланың шет аймақтарын дамыту бағыты ағымдағы жылы шілде айының соңында Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында бекітілді. Осылайша, Алтай Көлгінов бір ай ішінде 9 тұрғын үй алабын аралады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109