6955

Экологиялық акцияға 2 мыңнан астам адам қатысты

Әкімдік елордада #Birge #TazaQazaqstan атты экологиялық акция өткізу бастамасын одан әрі жалғастырды. Еліміздің барлық аймағы ынта танытқан бұл экочеллендж қозғалысын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. 

"Сенбілік өтіп отырған үшінші апта. Табиғат үшін де, қоғам үшін де пайдалы осындай акцияларды жүйелік деңгейге шығару керек. Экологиялық акцияны өткізу үшін  біз барынша ластанған су қоймаларының жағалауларын таңдап алып отырмыз.  Бұған дейінгі сенбіліктер Қоянды аумағы, Майбалық көлі, Қарасу, Есіл өзендерінің жағасы мен Вячеслав су қоймасының жағалауында өтті. Ал бүгін Сарыбұлақ өзенінің жағалауы аумағын таңдап алдық.   Бұған қоса Вячеслав су қоймасы маңы мен Есіл өзенінің жағасында да сенбілік өтті, - деді А. Көлгінов.

Елорда әкімі табиғатқа, сондай-ақ төңірегімізге бей-жай қарамай   экологиялық акцияға қатысқандардың барлығына алғысын білдірді. Экологиялық акцияға екі мыңнан астам адам қатысып, 8 тонна қоқыс жиналды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109