2575

Елордалық жастар өздерінің жаңа театрын ашты

Елордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Астаналық заманауи театры «АZT» өз жұмысын бастады. Жаңа өнер ордасы қала қонақтарына өз шымылдығын «Шекспир қиялы» спектакльімен ашты.

Театр ансамбльі 15 жас таланттардан құралған. Атап айтсақ, театр директоры Жекебатыр Камен, режиссер Аян Әлімбаев, көркемдік жетекші Сабыр Батырхан, актер-актриса қыз-жігіттер: Аяулым Муминова, Маргулан Наменов, Айжарқын Абай, Сабира Сугурова, Дархан Алдонғаров, Нұрғазы Жұмабай, Аян Батырбек, Әлібек Еріков, Каламышева Ұлжан, Мадияр Жақып, Расул Ерназаров және Асхат Байтілеу. Барлығы халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты атанған жастар. Театрдың басқалардан ерекшелігі бір қойылымды үш тілде өткізуінде. Яғни, осыған дейін ешбір театр бұл бағытты ұстанған емес.

«Шекспир қиялы» спектакльіне лық толы зал жиналды. Қойылымға Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұралы Айдашев, ҚазҰӨУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Қымбат Тілеуова, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы Айнұр Бермұхамбетова, ҚазҰӨУ ұстаздары мен жалпы театр сүйер қауым келді. Сыншылар мен көрермендер алғашқы қойылымға жоғары баға берді. Қымбат Тілеуованың сөзінше, жастар жылында жас буынды қолдау, біздің негізгі мақсатымыз болып табылады деп есептейді. «Біздің мақсатымыз - жастарды қолдау. Астаналық заманауи театр біздің елімізде жоқ өнер ордасының біріне айналары сөзсіз. Сіздерден күтер үмітіміз зор»,- деп атап өтті шарада Қ.Тілеуова.

Бір жарым сағат көлемінде ән де айтылды, би де биленді, көрермен күлді әрі көңілі босады. «AZT» театрының алға қойған мақсаты биік. Театр құрамындағы әрбір жас болашақта қазақ өнерінің аспанындағы жарық жұлдызға айналуды мақсат еткен. Ертеңнен бастап өнер ұжымы Рақымжан Отарбаевтың «Нашақор туралы новелла» атты драмасына дайындық жұмыстарын бастайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109