2080

Елордада МӘМС енгізу бойынша аймақтық штаб отырысы өтті

«Астана» медициналық университетінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық талқыланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалық етуімен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу мәселелері жөніндегі аймақтық штаб отырысы өтті.

Кездесуді ашқан әкімнің орынбасары халық арасында түсіндіру жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.

«Штабтың басты мақсаты - әр азаматқа әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің барлық аспектілері туралы дұрыс және толық ақпарат беру, бұл тұтасымен сақтандыру медицинасына үйлесімді өтуге мүмкіндік беретін халық арасында кеңінен ақпараттандыру науқанын өткізу. Елбасы бірнеше рет қарапайым тілде медициналық сақтандыруды енгізу қағидаттарын түсіндіру керек екенін айтқан. МӘМС енгізуге бірнеше ай қалды, ал бүгін біз проблемалық мәселелерді шешуге және оларды шешу жолдарын анықтауға жиналып отырмыз », - деді әкімнің орынбасары Б.Мәкен.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Гарифуллин, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Нұрлан Қасымов міндетті медициналық сақтандыруды жүзеге асыруға дайындық туралы баяндама жасады.

Іс-шара «сұрақ-жауап» форматында өтті, оның барысында спикерлер қызығушылық тудырған барлық сұрақтарға түсіндірме жауаптар берді.

Отырыстың қорытындысы бойынша Бақтияр Мәкен барлық уәкілетті органдарға барлық ақпараттық платформаларда МӘМС енгізу бойынша түсіндірме жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Кездесуге қала әкімдігінің өкілдері, мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдардың қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері және басқалар қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109