3520

Азаматтарды қабылдау: Қала әкімінің жеке қабылдауында айтылған тұрғындардың сауал-өтініштері

Қала әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады. Қала тұрғындары тұрғын үй алу, балабақшаға жолдама және несие бойынша өсімді өтеу мәселелерімен жүгінді.  Қабылдауға басқарма басшылары, аудан әкімдері мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері қатысып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

5 баланың анасы Жанарға "Мектепке жол"акциясы бойынша балаларын оқу орнына жинауға көмек көрсетілетін болады. Жұмысқа орналасқаннан кейін және алты айлық жалақысының бір бөлігі зейнетақы қорына аударылғаннан кейін ол "Бақытты отбасы" атты тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтініш бере алады.

«Осындай кездесулерде көптеген сұрақтарға бірден жауап алуға болады. Баламды балабақшаға орналастырғаннан соң жұмысқа тұрамын. Ертеңгі күнге сенімді болу керек. Бізге қолдау көрсеткеніңізге және ашық диалогқа шыққаныңыз үшін рахмет», - деді Жанар.

Сондай-ақ қала тұрғыны Бақтыгүл, 8 баланың анасы, баласын балабақшаға жібере алады. Бұл тұрғынның да Жанар сияқты "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтініш беруіне толықтай мүмкіндігі бар.

Өз кезегінде Нұргүл өз мәселесі туралы айтып берді. Нұргүл тұрғын үйге кезекке тұра алмайды, себебі оның атында апатты деп танылған үй бар. Әкімдіктің тапсырмасы бойынша жауапты тұлғалар барлық мәліметтерді анықтап, әйелдің бағдарламаға қалай қатыса алатынын анықтап береді.

Қала әкімі көпбалалы, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен, аз қамтылған отбасылармен жүйелі түрде кездесулер өткізіп тұрады. Бір ай көлемінде өткізілген азаматтарды қабылдау кезінде қала әкімі 200-ден астам адаммен кездесті, 700-ден астам сұрақ бақылауға алынды. Барлық өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109