2552

Елордада «Сау жүрек айлығы» жылсайынғы қайырымдылық велошеруі өтеді

Қазақстанда донорлық жүректі бірінші рет трансплантациялаудың жеті жылдығына арналған шара аясында қайырымдылық велошеруі мен MOLDANAZAR тобының концерті ұйымдастырылады.

10 тамызда сағат 19:30-да елордада «Сау жүрек айлығы» жылсайынғы қайырымдылық велошеруі өтеді.

«Сау жүрек айлығы» қайырымдылық шарасының басты ұйымдастырушысы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ бастамасымен құрылған «Жүрек орталығы» корпоративтік қоры. «Жүрек орталығы» қоры – клиникада ғылыми және білім беру қызметін дамыту және жалпы, Қазақстан бойынша кардиохирургиялық қызметті жетілдіру мақсатында құрылған еліміздегі осындай алғашқы және жалғыз қор. Шараға донорлық жүрек салынған пациенттер мен осы бірегей операцияларды жасаған дәрігер Юрий Пя бастаған мамандар да атсалысады.

Шараны өткізу орны - Тұран даңғылы, 38, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ тұрағы.  

Шеруге қатысушылар Керей-Жәнібек хандар көшесімен және Тұран даңғылымен жүріп өтеді. Ұзындығы 12 шақырымды құрайтын маршрут Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының тұрағынан (Тұран даңғ., 38) басталып, Тұран даңғылымен «Астана жұлдыздары» монументіне дейін (Қабанбай батыр даңғылындағы айналма жол) жалғасады. Қатысушылар осы жерден кері бұрылып, Тұран даңғылымен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына дейін жүреді. Мәреде бағалы сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылады, ал жиналған қаржы кардиохирургия саласындағы білім мен ғылымды дамытуға бағытталады. Қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында велошеру барысында аталған көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі.

Айта кетейік, қашықтықты бағындыруға 60 минут уақыт беріледі.

Велошеруге 16 жастан асқандардың барлығы қатыса алады, ол үшін «Жүрек орталығы» корпоративтік қорының www.hcenter.kz сайтында тіркелу керек. Бірінші болып тіркелген 300 қатысушыға қордың фирмалық белгісі бар заттардан сыйлықтар табысталады.

Тіркелу және толық ақпарат www.hcenter.kz сайтында. Тіркелу құны - 5000 тг.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109