4876

Елордадағы барлық әкімдіктер «Ашық әкімдік» күнін өткізеді

9 тамыз күні сағат 10.00-де астанадағы аудан әкімдері «Ашық әкімдік» ашық есік күнін өткізеді, - деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Шара барысында қала тұрғындары өздерінің өтініштері мен ұсыныстары бойынша аудан әкімінен, қалалық басқарма басшыларынан тікелей жауап ала алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ашық әкімдік» астананың барлық аудан тұрғындарымен тиімді кері байланыс орнататын тұрақты алаң болады.

«Ашық әкімдік» - бұл мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қол жетімділігін, сапасын қамтамасыз ететін сұқбат алаңы. Осылайша қала тұрғындары алдын-ала жазылусыз мемлекеттік орган өкілдерімен тікелей кездесіп, өздерінің түйіткілді мәселелерін көтереді, құқықтық және әлеуметтік көмек алуды шешеді.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары кеңестер алу, өз сауалдарына жауап алу үшін тұрғылықты жері бойынша аудан әкімі аппараттарына жүгіне алады.

«Алматы» ауданы әкімінің аппараты «Ашық әкімдікті» аудан әкімдігінің ғимаратында Тәуелсіздік даңғылы, 7 мекен-жайында өткізеді, «Байқоңыр» ауданының әкімдігі «Жастар»  сарайында (Республика даңғылы, 34), «Есіл» ауданының әкімдігі аудндық әкімдік ғимаратында (Қабанбай батыр көшесі, 33), «Сарыарқа» ауданының әкімдігі Сарыарқа даңғылы, 13 мекен-жайында орналасқан аудандық әкімдік ғимаратында өткізеді.

«Ашық әкімдік» ашық есік күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейінгі аралықта өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109