4085

«Мен алты баламен контейнерде тұрамын»: әкімдікте азаматтарды қабылдау кезінде не айтылды?

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды кезекті қабылдауын өткізді. Қала тұрғындары баспана алу, несие бойынша пайыздарды есептен шығару, балаларды мектеп пен балабақшаға орналастыру, қосымша білім алу мәселелерімен жүгінді.

Қала тұрғыны Қарлығаш алты баласымен контейнерде тұруға мәжбүр болғанын хабарлады. Қалада тіркелмегендіктен тұрғын үй кезегіне тұра алмайды.
«Менің 6 балам бар. Негізгі жұмыстан басқа, мүмкіндігімше жартылай жұмыс істеймін. Бір жерде еден жусам, екінші жерде пәтер тазалаймын. Балаларым жиі ауырады. Контейнерде ешқандай жағдай жоқ. Менің балам пневмониямен ауырып қалды, орта қызымның денесінде бөртпе пайда болды», - деді Карлыгаш.
Тағы бір қала тұрғыны, 7 баланың анасы – Жайнагүл жұмысында қиындықтарға тап болғанын айтты. Қазір әйел бала күтімі бойынша демалыста. Гүлжанның баласы эпилепсиямен ауырады. Дәрігерлердің тұрақты бақылауында болуы керек.
Қала әкімі А.Көлгінов басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне жүгінген аналардың көкейкесті мәселелерін егжей-тегжейлі зерттеп, қосымша мамандық алуға, балабақшаға жолдама алуға, дәрі-дәрмек алуға және баспанаға кезекке тұруға көмектесуге тапсырма берді.
А. Көлгінов ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен, көп балалы отбасылармен, тұрмысы төмен адамдармен жүйелі түрде кездесіп тұрады.
Азаматтарды қабылдаудың бір айында әкім 200-ден астам адамды қабылдады. Келіп түскен әрбір өтініш бойынша жұмыс жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109