3432

Елорда әкімдігі iKOMEK109 деректері негізінде қоғамдық көліктің жүйелі проблемаларын шешу бойынша жұмысты жалғастырады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде әкімнің орынбасары Нұрлан Нүркеновтің төрағалығымен қоғамдық көлік және көлік инфрақұрылымы саласындағы проблемалы мәселелер бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының апта сайынғы отырысы болып өтті. Отырысқа «Астана LRT» ЖШС Көліктік бақылау департаментінің, «Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ, «№1, 4 автобус паркі» ЖШС өкілдері қатысты.

iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына көп жағдайда жүру аралығының сақталмауына, электронды жолақы төлеу жүйесінің жұмысына, экипаждың дөрекі қарым-қатынасына, қоғамдық көліктің қатысуымен орын алатын ЖКО-ға байланысты шағымдар келіп түседі. iKOMEK109 қалалық орталығы басшысының орынбасары Дина Темірғалиева 22 шілде мен 4 тамыз аралығындағы кезеңде 1 505 шағым мен консультатвитік сипатта 10 707 өтініш келіп түскенін баяндады. 3 216-ны құрайтын ең көп шағым ағымдағы жылдың шілде айында келіп түскен. Маусымға және елордадағы қалыптан тыс ыстыққа байланысты 202 өтініш қоғамдық көліктегі ауа баптағыштардың жұмысына байланысты келіп түсті.


Жиын барысында қоғамдық көлік жұмысы жөнінде аралық есептер тыңдалды. «Астана LRT» ЖШС Көліктік бақылау департаменті директорының м.а. Рашид Рахматулин 1505 шағымнан бүгінгі таңда 860 шағым шешілгенін баяндады, бұл 57,1% құрайды, 645-і (42,9%) атқарылуда.


Сонымен қатар ЖКО туындауының негізгі себептері аталды. ЖКО-ның көпшілігі жол қозғалысының басқа қатысушыларының кінәсінен жасалған. Олардың саны – 474 (66,8%). МКҚ жүргізушілері кінәсінен 253 ЖКО жасалды, бұл ЖКО жалпы саны 782-нің 32,4% құрайды:
✅ Жүргізушінің шаршаңқылығы, салдарынан мұқиятсыздығы (жиі шамадан тыс жұмыс жасауы, қазіргі таңда жүргізушілердің жетіспеушілігіне байланысты еңбек режимі бұзылуда).
✅ Көлікте жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты қосымша салмақ түсуі, жолақысының төленуін бақылау функциясының қосылуы.
✅ Қоғамдық көлік жүргізушілерінің Жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзуы (жылдамдық режимін асыру, жол таңбалары мен белгілерін елемеу, бұрылу ережелерін бұзу, КҚ басқарғанда ұялы телефонды пайдалану).

Сондай-ақ «Астана LRT» ЖШС жүйелі себептерді төмендету мақсатында автопарктермен бірлесіп, қоғамдық көлік проблемаларын шешетінін хабарлады. Атап айтқанда, жүргізушілер үшін оңтайлы жұмыс режимін белгілеу және бірқатар басқа да шаралар қолдану жөнінде шешім қабылданды.


iKOMEK109-ға келіп түскен әрбір өтініш тиісті жауапты ұйымға жолданып қана қоймай, қаланың жүйелі түйткілдерін талдауға, ары қарай мәселені елорда басшылығы деңгейінде көтеруге негіз болатынын мәлімдейміз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109