3743

«Үй тағы бір қысқа шыдай алмайды» - үлескерлер

Елорда әкімі Алтай Көлгінов үлестік құрылыс нысандарын аралады. Атап айтқанда, Бөкейхан және Бұқар Жырау көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үй кешені 2015 жылы проблемалық үй деп танылды. Үлескерлер саны 245 адамды құрайды.

Тұрғындар үй локациясының өте қолайлы екендігін, барлық әлеуметтік маңызы бар нысандар жақын орналасқандығын атап өтті.

«Біріншіден, бізге ұнағаны тұрғын үй кешенінің орналасқан жері.  Сол жағалауда серуендейтін боламыз деп ойлайтынбыз. Бірақ үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы жоқ. Мемлекеттік сараптамадан қайтадан өткен жоқпыз", - деп атап өтті тұрғын үй кешенінің үлескерлері.

Объектінің рентабельділігі үшін қосымша учаске бөлінген. Қала әкімі А. Көлгінов үйлерді салу кезінде қауіпсіздікке тиісті көңіл бөлу керектігін атап өтті.

«Алдымен қауіпсіздік туралы ойлауымыз қажет. Үйді тек сапалы материалдардан салу керек. Сондай - ақ, алдымен үй аумағына жедел жәрдем мен өрт сөндіру машинасының жүру схемасын ескеру керек", - деді А. Көлгінов.

Екінші нысан "Royal Expo Apartments"тұрғын үй кешені болды. Мұндағы үлескерлердің саны 340 адамды құрайды. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне пәтер иелерінің жартысы ғана кірді.

«Біздің үйіміз 2017 жылдан бері тұр. Біз үйге техникалық тексеру жүргіздік. Финаудит тек ішінара өтті. Инвесторлармен қолда барлық құжаттар тізбесі жоқ болғандықтан келіссөздер жүргізе алмаймыз", - деді проблемалық нысанның үлескерлері.

А. Көлгінов іс-қимыл жоспарын әзірлеу және сол жоспар бойынша жұмыс жасау қажеттігін атап өтті. Әкімдік Астананың әрбір проблемалық деп танылған үйдің құрылысы бойынша жұмыс жүргізуде. Олардың барлығы қалада 51, үлескерлер саны 10 мыңнан астам.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109