3887

iKOMEK109: Тұрғындардың өтініштері ПИК пен лифт ұйымдарының жұмысын жандандырады

Кеше Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасында басқарма басшысының орынбасары Оксана Ибраеваның төрағалығымен ПИК пен лифт ұйымдары жұмысының проблемалы мәселелері бойынша жиын өтті.

Жиынға ПИК пен лифт ұйымдарының өкілдері шақырылды. Қалалық iKOMEK109 орталығы тұрақты түрде елорда тұрғындарымен байланыс негізінде жасақталатын қаланың жүйелі проблемаларын анықтап отырады.

Жиын барысында Қалалық iKOMEK109 орталығы басшысының орынбасары Берік Ахметов келіп түскен өтініштер бойынша ағымдағы жағдайды және өткен 4 ұқсас жиынның нәтижелері туралы баяндады.
✅ КПТҮ желісі бойынша мерзімі кешіктірілген 123 өтініштің 45-і атқарылды;
✅ Қасбеттерді қалпына келтіру бойынша іс-шара жоспарлары бекітіліп, 51 өтініштің 28-і атқарылды;
✅ Лифт компаниялары мәселелері бойынша 91 өтініштің 87-ісі атқарылды.
Осылайша, ПИК пен лифт ұйымдары тарапынан өтініштерді атқару бойынша оң қарқын байқалады.

Сонымен қатар, бүгінгі жиынның қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді:
✅ «Тұрмыс» ЖШС-ға қызметіне жоспарлы тексеру жүргізу, атап айтқанда сыртқы қаптаманың (кірпіштен қаланған) ұдайы құлауына байланысты Құдайбердіұлы, 25/1 үй мекенжайы бойынша тексеру тапсырылды.
✅ «Верховина» ПИК-іне Абай даңғылы, 28-үй мекенжайы бойынша қасбеттің нашар күйіне байланысты мәселені шешу, iKOMEK109-дан келіп түсетін өтінімдерді атқару, ұсыныстар енгізу және келесі жиында жоғарыда аталған проблемалардың шешімі туралы баяндау тапсырылды.
Осындай тапсырмалар «Диалог» ПИК (Алтынсарин к., 6/2 үй), АКМ Сервис ЖШС (Алматы к., 13-үй) және басқа да қызмет көрсетуші ұйымдар мен басқарушы компанияларға берілді.

Лифт шаруашылығы мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берілді, 4 ұйымға: «Каз Интер Лифт» ЖШС, «Лифт Трэвел» ЖШС, «ЛифтСтройСервис» ЖШС, «Лифт-Профи НС» ЖШС-ға айрықша мән берілді.

Сонымен қатар, ПИК қауымдастығының өкіліне КПТҮ ішінде орналасқан коммерциялық үй-жайларды жалға беруді ұйымдастыру есебінен ПИК қызметтерінің құнын төмендету мәселелерін қарастыру үшін осы мәселелер бойынша тұрақты негізде кеңестер өткізу тапсырылды.

Азаматтардың белсенділігі жүйелі мәселелерді жоюға негіз болатынын айтқымыз келеді. Сіздерді қала өміріне белсене қатысуға шақырамыз.

Қала сенен басталады!

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109