4657

Елорданың коммуналдық қызметтері #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдады

Бүгін қаланың аудан әкімдіктері  #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын жалғастырды. Сенбілікке коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдардың жұмысшылары шықты.

«Алматы» ауданында Күйгенжар тұрғын үй алабының тұрғындары мен № 6,7 емхана қызметкерлері Есіл өзенінің жағалауын тазалап, 4 тонна қоқыс жинады.

«Байқоңыр» ауданының коммуналдық қызметтері Алаш базарының артындағы құрылыс қалдықтарын жинады. Оған 100 адам қатысып, 9 техника, 5 самосвал тартылды.  Коммуналдық қызмет өкілдері 30 тонна қоқыс жинап, қатты қалдықтарды көму полигонына жеткізді.

«Есіл» ауданы әкімі аппараты сенбілік аясында Қ.Мұхамедханов көшесі, 41 аймағында рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін тазалау жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке 9 мамандандырылған техника,  2 тиеу техникасы, 7 самосвал тартылды. Әкімдіктің мәліметінше, 96 тонна құрылыс қалдықтары шығарылған.

Айта кетейік, 27 шілдеден бастап елордада #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтіп келеді. Өткен сенбіде акция аясында Майбалық көлінің жағасын тазалау жүргізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109