Елордада орналасқан тұрғын үй массивінің тұрғындары ауыз су мәселесін шешуді сұрайды
Қала әкімі Алтай Көлгінов "Көктал-1" және "Көктал-2"тұрғын үй массивтеріне барды. Мұнда 30 мың адам тұрады. "Нұрбесік" шағын ауданы тұрғындарының үйлері пайдалануға берілмеген. Тұрғындар ішетін ауыз су жоқтығын айтты. Адамдар суды колонкадан алып, пайдаланады.
«Біз осы үйде 2007 жылдан бастап тұрып келеміз. Орталық сумен қамтылмағанбыз. Электр қуаты іркіліспен жұмыс істейді, кәріз де жоқ. Біздің шағынауданның қасында, жекенменшік мектеп, балабақшалар бар. Көшелерде жарықтандыру жүргізілмеген. Үй құжаттары да жоқ, сондықтан тіркеле алмаймыз", - деді "Нұрбесік"тұрғындары.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру үшін қазір жер телімдерін бөлу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Көкталдан 5 шақырым жерде орналасқан ЕПМ орман отырғызу учаскесінің тұрғындары да ауыз судың жоқтығына шағымданды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер өтпелері мен жасанды тегіс емес жерлер белгіленбеген.
"Көктал-1" тұрғындарының ыңғайлылығы үшін жақын арада №5 жанұялық денсаулық орталығы ашылады. Медициналық мекеме күніне 150 адамды қабылдай алады. Жыл соңына дейін қалада жеті жаңа орталық ашылады.
Қоғамдық кеңесте тұрғын үй массивтерінің мәселелері қаралып, үш жылдық бюджет жобасына түзетулер енгізіледі. Әрбір мәселе егжей-тегжейлі зерттелетін болады. Жалпы алғанда. А. Көлгінов 11 тұрғын үй массивіне барды. Қалада 16 массив бар, 280 мыңнан астам адам тұрады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz