5459

"26 қосарланған сату фактісі бар": үлескерлер құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй жайында

Қала әкімі Алтай Көлгінов "Аниса-1"проблемалы деп танылған нысанның үлескерлерімен кездесті. Тұрғындар 2015 жылы берден өз пәтерлерінде тұрады, алайда сол уақыттан бастап үй құжаттарын ала алмай жүр.

«Бізде 157 үлескер бар. Бес жыл бойы осы үйде тұрамыз. Үй эксплуатацияға берілмегендіктен, біз үйге тіркеле алмаймыз. Демек, тіпті аудандық емханаға барып, қарала алмаймыз. Үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы бар, мемлекеттік сараптамадан өту керек. Бізде қосарланған сатудың 26 фактісі бар. Тұрғын үй кешенінің рентабельділігі үшін қатар ғимараттың жаңа блоктарын салуға арналған учаскелер бөлінген. Тұрғын үйде электр қуаты, суық су бар. Бірақ жылу автономды", - деді тұрғын үй кешенінің тұрғындары.

Үлескерлердің айтуынша, оларда қазір екі негізгі проблема бар. Біріншісі-үйді пайдалануға беру, екіншісі-орталық жылу жүйесіне қосу.

«Жаңа жоба бойынша үйдің бірнеше блоктары, жалпы саны 460 пәтер болады. Қазір бірінші блоктың құрылысы кезінде жіберілген ақауларды жою жұмыстары жүргізілуде", - деді үйдің жаңа құрылысшысы.

Қала әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй кешенінің құжаттарын реттеу керектігін атап өтті. Жұмыс әрбір проблемалық нысан бойынша жүргізіледі. Елордада олардың саны-51. Олардың 12-інде тұрғындар тұрып жатыр, олар бойынша пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109