2056

«Ашық әкімдік»: елорданың 600 жуық тұрғыны ашық есік күніне қатысты

Елорданың барлық аудандық әкімдіктерінде "Ашық әкімдік" ашық есік күні өтті. Аудан әкімдері құрылымдық бөлімшелердің өкілдерімен бірге тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, үлестік құрылыс, жұмысқа орналастыру, атаулы әлеуметтік көмек алу және қосымша білім беру мәселелерін қарастырды. 

Іс-шараға елорданың 600-ге жуық тұрғыны қатысты. Ең көп адамдар Сарыарқа ауданының әкімдігіне келді. Екінші орынды Алматы және Байқоңыр аудандары бөлісті.
ҚР Президентінің қоғаммен байланысты нығайту тапмырмасын орындау мақсатында қала әкімдігінде азаматтарды қабылдау тұрақты түрде жүргізіледі. Бір жарым ай ішінде қала әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды жеке қабылдауында 230 тұрғынды қабылдады, олардан 809 сұрақ түсті. Ең көп өтініштер саны 175-балаларды мектепке дайындау және балаларды балабақшаға кезекке қою, 157 тұрғын үй мәселесі, одан екі есе аз медицина, бизнесті дамыту және атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша жолықты. 524 өтініш бойынша мәселелер шешілді, қалғандары бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.
Азаматтарды қабылдауға 6 баланың анасы Сағадатта келіп, өз сұрақтарын қойды. Сағадат бірнеше жылдан бері үй кезегінде тұр. Бұл кісінің балаларына "Мектепте жол" атты акциясы бойынша көмек көрсетілетін болады.Қабылдауда Қамысты ауылы бойынша да өзекті мәселелерге назар аударылды. Қарлығаштың айтуы бойынша, адамдар суды колонкадан тасиды.
«Аурухана алыста орналасқан. Ауруханаға жету үшін екі автобусты қолданамыз.», - деді Қарлығаш.
Қала әкімі Қамысты кентіне баруды кестесіне енгізетінін атап өтті. Азаматтарды қабылдауға басқарма басшылары, аудан әкімдері, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері қатысады. Мемлекеттік органдар жергілікті жерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың проблемалық сұрақтарына жауап береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109