2481

Aitu.city – қаланы қазір-ақ жақсарту мүмкіндігі

Қалалық iKOMEK109 мониторинг және жедел әрекет ету орталығы және BTS Digital компаниясы өтініш қабылдайтын жаңа  aitu.city порталын іске қосты. Оның арқасында елорда тұрғындары тек өздерінің ғана емес, сондай-ақ көпшіліктің де өтініштерінің дәрежесін онлайн тәртіпте бақылай алады.

Аitu.city – бұл тіршілікті қамтамасыз ету, абаттандыру және қауіпсіздік, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қызметтері мен жұмысы мәселелері бойынша өтініштерді беруге арналған жаңа интернет-алаң. Егер бұрын өтініштер мен олардың атқарылу дәрежесін тек өтініш берушілердің өздері ғана көре алса, енді әрбір тұрғын cайтта жарияланған  өтініштерді қарап, сонымен қатар олармен әлеуметтік желілерде бөлісе алады. Бұл қала түйткілдеріне көбірек мән беріліп, олардың тиімді шешілуіне ықпал ететін болады.

Қазақстанда бұл бірегей портал болып табылады, оны тұтастай қайталайтын ресурс жоқ. Порталды әзірлеу барысында табысты халықаралық тәжірибелерге талдау жүргізілді.

aitu.city қалай жұмыс жасайды:

1-қадам. Өтінішті жіберу – Сіз үлгіні толтырып, суретті тіркейсіз.

2-қадам. Модерация – Өтінім iKOMEK109-дың атқаруына қабылданады және сайтта барлық өтініштердің ортақ тізімінде жарияланады.

3-қадам. Атқарылу дәрежесі – Өтінімнің жай-күйі жөніндегі жаңалықтар e-mail арқылы хабарландырылады, сонымен қатар оны «Менің өтініштерім» бөлімінде көруге болады.

Қазір портал тек елорда тұрғындарына ғана қолжетімді, алайда болашақта сервисті еліміздің басқа да қалаларында іске қосу жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы iKOMEK109 миллионнан астам өтініш қабылдады, ал 2019 жылдың басынан бері өтініштер саны 920 мыңнан асып үлгерді. Барлық өтінімдер 109 нөміріне қоңырау шалу және басқа да байланыс арналары арқылы алынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109