3358

Елордалықтар өз жануарларын тегін түрде зарарсыздандыра алады.

Нұр-Сұлтанда 1 тамыздан бастап үй жануарлыры мен иесіз қалған жануарларға тегін түрде кастрация және зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған шара бойынша 1800-ден астам ит пен мысықты зарарсыздандыру жоспарланған,  - деп хабарлайды Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы.

«Елордада қаңғыбас иттер мен мысықтардың көбеюін бақылау және олардың санын азайту мақсатында, иттер мен мысықтарды зарарсыздандыру және кастрациялау қызметтерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу бойынша байқау жүргіздік, нәтижесінде «Византия» ветеринариялық медицина клиникасы» жеңімпаз болып, аталған ветеринарлық қызмет түрімен осы мекеме айналысатын болды – деді  «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ - нің басшы орынбасары Айдын Молдағалиев.

Аталған бағдарлама бойынша өз үй жануарларын кез-келген  тұрғын тегін түрде зарарсыздандыра алады. Ол үшін Нұр-Сұлтан қаласы, Мендешев 51 мекен-жайында орналасқан «Византия» ветеринарлық клиникасына жүгіну қажет. Алдын ала жазылу және кеңес алу үшін 87086852476 нөміріне хабарласуыңызға болады.

Айта кетейік, бұл іс-шара астанада үш жылдан бері тұрақты жүргізіліп келеді.  2017 жылы иесіз қалған 4 мың ит пен мысыққа зарарсыздандыру және кастрация жасалса, өткен жылы - 500, ал биыл 1800 жануарға аталмыш әдісті қолдану жоспарланған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109