1946

Астана әкімі Есіл өзені бойында орналасқан саябақтың қандай кемшіліктері бар екенін айтты

Астана әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзені бойындағы саябақты жаяу аралады. Парк аумағы 113 гектар. Саябақта велосипед жолдары, жүгіруге арналған жолдар бар. Алайда, саябақтың қазіргі жағдайы нашар.

Саябақ аумағында көше шамдары жұмыс істемейді. Саябақтың ағаштары болса күтімсіз, кеуіп қалған. Аталмыш саябақта тәртіп сақталуын тек бір ғана адам қадағалайды.
«Саябақтың ішінде камералар орнату мәселесін қарау қажет. Саябақты абаттандыруға кірісіп, оны тиісті түрге келтіру керек. Тұрғындарымыздың денсаулығы үшін де зор пайдасын тигізе алатын орын, себебі жүгіру және велосипед жолдары бар. Саябақты жаңғырту мәселесін "Алматы" ауданы әкімдігі қолға алатын болады, саябақ тұрғындар үшін демалыс орны болуы керек», - деді А.Көлгінов.
Астанада иесіз қалған 10 саябақ пен гүлзар бар. Әкімдік аумақты абаттандырып, қарауына алу бойынша жұмыстар жүргізуде.​

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109