1602

Елордалық iKOMEK109 орталығының технигі - абыройлы паракаратэ турнирлерінің жүлдегері

Бүгінде елордалық мүмкіндігі шектеулі жандар белсенді өмір салтын ұстана отырып, қала даңқын халықаралық спорт аренасында асқақтату үшін жұмыс істеп келеді. Осындай жарқын тұлғалардың бірі, Әсия Тұрсынова, қалалық iKOMEK109 орталығында жұмыс істейді, ал жұмыстан кейін турнирлерге дайындалады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты

Әсия қалалық iKOMEK109 орталығына Нұр-Сұлтан әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінен қоғамдық жұмыстарды жүргізу үшін жіберілді. Бойжеткен қалалық мониторинг және жедел әрекет ету Департаментінде есеп технигі қызметін атқарады.

Әріптестерінің айтуынша, ол өзін тәртіпті, жауапты қызметкер ретінде таныта білді.

Бос уақытында Әсия Паралимпиадалық жаттығу орталығында жаттығып жүр. Мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған спорт мектебінің тәрбиеленушісі – республикалық және халықаралық бейімделген Каратэ До турнирлерінің жүлдегері.

Ол пара-каратэ атты қызықты спорт түріне 3 жыл бұрын келген. Жаттықтырушы Мейрамгүл Дукуевамен кездейсоқ кездесу оның тағдырын шешкендей.

«Жаттығу сабақтары ауыртпалық емес, қуаныш сыйлауы керек. Мен сабаққа емес, мерекеге баратындаймын», - дейді Әсия Тұрсынова.

Айта кетейік, пара-каратэ спортшылардың күрестің орнына каратэ-дода қолданылатын «ката» техникасын орындауымен ерекшеленеді. Төрешілер техника және әртістік бөлімді бағалайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109