6768

Елордада өткен білім саласындағы бос орындар жәрмеңкесінде 300-ден астам адам жұмыс тапты

«Жастар» сарайында 15 тамыз күні өткен білім беру саласындағы жалпы қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 120 жұмыс беруші 2000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шараны Нұр-Сұлтан әкімдігі мен қаланың Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырды.

3 сағат ішінде бос орындар жәрмеңкесіне 1000-нан астам жұмыс іздеуші қатысты. Жәрмеңке жоғары деңгейде, қызу өтті. Елорданың көптеген оқу орындарына орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері, орыс тілі мен математика пәндерінің мұғалімдері, сонымен қатар балабақша тәрбиешілерінің жетіспейтіндігі белгілі болды.

Жыл сайын осындай жәрмеңкелерге қатысуға ниет білдіретін жұмыс берушілер санының көбейіп келе жатқандығы байқалады. Мұндай іс-шараларға келушілер саны да артып келеді.

Айта кету керек, жыл басынан бері елорданың жұмыспен қамту орталығы арқылы 4527-ден астам адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 129, қоғамдық жұмыстарға 1982, ал тұрақты жұмысқа 1722 адам тұрды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109