7513

iKOMEK109: ПИК-тердің жосықсыз жұмысы анықталды.

Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасында басқарма басшысының орынбасары Оксана Ибраеваның төрағалығымен ПИК және лифт ұйымдарының проблемалы мәселелері бойынша жұмыс тобының апта сайынғы отырысы болып өтті.

Жиын барысында iKOMEK109 орталығы басшысының орынбасары Дина Темірғалиева соңғы 3 аптадағы жағдаяттар бойынша аралық нәтижелер туралы баяндады. КПТҮ тіршілігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша 22 шілде мен 28 шілде аралығындағы кезеңде 509 жағдаят анықталды, 29 шілде мен 4 тамыз аралығында 443 шағым, ал 5 тамыз бен 11 тамыз аралығында 435 шағым келіп түсті.

iKOMEK109 талдау деректерін ұсынды, олардың нәтижелері бойынша шағымдардың 1%-дан кемі авариялық-жоспарлы жұмыстарға байланысты, ал қалғаны ПИК және лифт ұйымдарының түрлі мәселелер бойынша нашар жұмыс жасауына қатысты келіп түскен.

Жиын қорытындысы бойынша ПИК және лифт ұйымдары жұмысындағы олқылықтар анықталды және тиісті шаралар қабылданды. Бұл жолы өтініштерді жабудағы жауапкершілігінің төмендігімен «Шарконт БК» ЖК ПИК сөзге ілікті, бұл мәселелер ұдайы бақылауда болады.

іKOMEK109-ға келіп түсетін әрбір өтініш елордадағы тіршілікті жақсартуға ықпал ететін талдау жұмыстарына негіз болатынын айтып өткіміз келеді.

Мұндай жиындарды өткізу өтініштердің орындалу қарқынына оң әсер ететінін атап өткен жөн. Және бұл – тұрғындардың қала өміріне атсалысуының жемісі.

Қала сенен басталады!

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109