4103

Тұрғындар елорда әкіміне тұрғын үй алабының жағдайы туралы айтты

Астана әкімі Алтай Көлгінов төрт тұрғын үй массивінің тұрғындарымен кездесті. Адамдар орталық жылудың, судың, канализацияның және балаларға арналған білім беру орталықтарының жоқтығын айтты. "Кирпичный" тұрғын үй алабының тұрғындары ауыз судың жоқ екенін айтады. Колонкада үлкен кезек пайда болады. Қамысты ауданының Квартальная 6 көшесінде орналасқан үй 12 жыл бұрын апатты деп танылды, 5 отбасы әлі көшірілген жоқ.

Аумақта силикат кірпіш өндіретін зауыттың жұмысына байланысты жағымсыз иіс жиі пайда болады. Нөсерлік кәріздердің орталық желілерін барлық 15 көше бойынша жүргізу қажет.
"Промышленный" (Силикат) тұрғын үй массивінің тұрғындары ескі үйлерді бұзу бағдарламасы бойынша өз кезегін күтуде. Серікпаев 14 көшесінде орналасқан үй былтыр апатты деп танылған. Үйдің қабырғасы, төбесі және едені құлаған. Қауіпті жағдайда 15 отбасы тұрады (3 отбасы басқа ауданда пәтер алып жатыр). Жоспар бойынша, осы жылдың күзінде олардың жаңа ТК-ға көшіреді. "Мичурин" тұрғын үй алабында 2400-ден астам адам тұрады.


«Барлығымыз жергілікті тұрғындармыз, осы жерде туып өстік. Біздің ауданда балаларға арналған мәдени-демалыс орталықтарын ашуды сұраймыз. Жаз бойы олар көшеде, ал күзде/қыста суық болады, оларға үйірмелер қажет. Жарықтандырумен айналысу қажет, "жылдамдық бәсеңдеткіштерін" төсеу керек, - деді "Мичурин"тұрғын үй алабының тұрғындары. "Күйгенжар"тұрғын үй алабының тұрғындары да осындай мәселелер бойынша шағымданды.

Қала әкімі тұрғын үй массивтерінің мәселелері 3 негізгі блоктарға бөлінгенін атап өтті: жол және инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік нысандардың тапшылығы және абаттандыру мәселелері.

«Біз тұрғын үй массивтерінің тұрғындарымен кездесіп, аумақты зерттейміз. Барлық проблемалық мәселелерді бір күнде шешу мүмкін емес. Алдымен үйге ауыз су жүргізу, аялдамалар орнату, жолға қосымша автобустар бөлу сияқты бірінші кезектегі мәселелерді шешеміз. Қоғамдық кеңесте тұрғын үй массивтерінің мәселелерін қарастырамыз,үш жылдық бюджет жобасына түзетулер енгіземіз. Жоспарға сәйкес жұмыс жасайтын боламыз", - деді А. Көлгінов.

Елорда әкімі 280 мыңнан астам адам тұратын 16 тұрғын үй алабында болды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109