6663

Елордада жаппай велошеру өтті

Нұр-Сұлтан тұрғындары спорт күнін велосипедпен 14 шақырымдық жолды бағындырумен атап өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастырған дәстүрлі велошеруге мыңға жуық велосипед әуесқойлары жиналды. Шараға қатысушылар Қабанбай батыр даңғылынан (Салтанат сарайы) басталып, Ұлы Дала көшесіне дейін, одан әрі Тұран даңғылының бойымен жүріп Орталық саябақта аяқталды. Қатысушыларды құттықтаған қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен тұрғындар арасында спорт мәдениеті жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті. Бұған түрлі бағытта көптеген халықаралық спорттық іс-шараларды өткізу дәлел бола алады. «Бүгінгі велошеру жастарды спортқа баулуға және салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі деп сенемін. Барлық қатысушыларға сәттілік пен үлкен жеңістер тілеймін!», - деп түйіндеді Б.Мәкен. Велошеруге қатысушылар арасында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, белгілі қоғам қайраткерлері, кәсіпқойлар мен велоспорт әуесқойлары болды. Мәреге жеткен, тіркелген шабандоздар арасында велосипедтер және естелік сыйлықтар ойнатылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109