4116

Елорда әкімі жылумен қамтамасыз етуде проблемасы бар мектепке барды

Қала әкімі Алтай Көлгіновтің мектеп директорларымен кездесуі барысында №75 оқу орнының басшысы мектептің нашар жылытылуына және содан туындайтын бірқатар проблемаларға шағымданды. Мәселен, мектеп-лицейде қыста температура 16 градусқа дейін жетеді. Қала басшысы аудан әкімімен және білім басқармасының басшысымен аталған оқу орнына барды. 

"Күзде, қыста мектеп суық. Небары 14-16 градус жылы. Асхана, спортзал және тағы да бірнеше кабинеттердің шатырынан су кетеді, үнемі шелектерді пайдалануға тура келеді. Кондиционерлерді қолданып ауаны жылытамыз деген ой бар. Оқу орны 2014 жылы ғана салынды.", - деді мектеп-лицей директоры Салтанат Тоғатаева.

Қала әкімі А. Көлгінов мердігер ұйым проблеманы жоюға тиіс екенін атап өтті.

"Мектеп ғимаратына небары 5 жыл ғана, алайда шатыры қолданыстан шығып, су кетіп жатыр, температура тек 14-16 градусқа жетеді. Бұрын салынған мектептер жаңа мектептер сияқты жөндеу жұмыстарын қажет етпейді. Оқу орнында техникалық тексеру жүргізу қажет. Мердігерлер мәселені шешу керек, кепілдік мерзімі бар. Білім басқармасы тарапынан нашар бақылау жүргізіліп жатырғаны байқалады! Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқуға қолайлы жағдай жасау керек", - деді А. Көлгінов.

Сондай-ақ, кіре беріске арналған қақпалар бірнеше жерде ашылады. Оқу орны 2014 жылы пайдалануға берілді,биылғы оқу жылында мектепке 3700 оқушы барады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109