4190

Елорда әкімі жаңа мектептің құрылысымен танысты

Қала әкімі Алтай Көлгінов А. Иманов пен Е. Брусиловский көшелерінің қиылысындағы мектепке барды. Қазір оқу орнында ішкі әрлеу, батарея орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Кабинеттер мен асханаларға арналған жиһаз, спорт жабдықтары сатып алынды. Сумен жабдықтауға және электр энергиясына қосылуға рұқсат бар. Тек жұмыс қарқыны баяу жүріп жатыр.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов оқу жылының басында мектеп ашылуға дайын болуы керек деп атап өтті.

"Оқу жылының басталуына тоғыз күн қалды. Сіздің жұмысыңыз әлі де орындалмаған. Мектеп ауласы абаттандырылмаған, су мен жарық өткізілмеген. Жаңа мектептерді бір жылдан кейін күрделі жөндеу жүргізуге тура келмейтіндей етіп салу керек. Қазіргі таңда ескі мектептер жаңалары сияқты жөндеуді қажет етпейді. Шатырға ерекше көңіл бөліңіз. Жаңбыр маусымы басталады. Оқу орнында балалар өздерін қауіпсіз және жайлы сезінуі тиіс", - деді А. Көлгінов.

Мектеп жаңа оқу жылы ашылуы тиіс. Мекеме 900 орынға есептелген. Елордада осы оқу жылында 3 жаңа мектеп пен 5 қосымша құрылыс ашылады. Елорда әкімі Өткен аптада "Мичурин"тұрғын алабында орналасқан мектепке барды. Ашылу екінші тоқсанда жоспарланып отыр.

Жинақы құрылыс бойынша кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 37 жаңа мектеп салу жоспарланған. Сондай-ақ, инвесторлар елордада 11 жеке меншік мектеп салуға мүдделі. Инвестиция сомасы 27,6 млрд теңгені құрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109