886

Елорда әкімдігі Жалпыға бірдей міндетті оқу бағдарламасы аясында мектепке қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға 200 миллион теңгеге жуық қаражат бөлді

Нұр-Сұлтан әкімдігі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға 200 миллион теңгеге жуық қаражат бөлді. 20 тамыздан бастап халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін оқу құралдарын сатып алуға сертификаттар беру басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

Бүгінгі күні 8000 сертификат беріліп, оларға сәйкес 78 бала киім сатып алып үлгерді.

Сонымен қатар, 81 мектептегі әлеуметтік тәрбиешілерге сертификаттар тапсырылды, олар ата-аналарға мектеп тауарларын сатып алуға 2300 құжат берді.

Айта кету керек, бұл көмекті алуға құқылы отбасылар қатарына атаулы әлеуметтік көмек төленген отбасылардың балалары, сондай-ақ, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен АӘК төленбейтін отбасылар, жетім балалар мен отбасыда тұрып, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар осы көмекті алуға құқылы адамдар қатарына кіреді. Сонымен қатар, сертификатты төтенше жағдайлар туындаған кезде шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардың балалары, сонымен қатар білім беру ұйымының алқалық басқару органы анықтаған оқушылар мен тәрбиеленушілердің басқа санаттары ала алады.

Мектеп формасы мен оқу құралдарынан басқа, Жалпыға бірдей міндетті оқу бағдарламасы аясында балаларға ыстық тамақ беріледі, жазғы сауықтыру лагеріне жолдамамен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар, оларға мәдени және спорттық шараларға қатысуға мүмкіндік беріледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109