2612

6 айдың қорытындысы: Денсаулық сақтау басқармасымен қандай жұмыс жасалды

Бүгін Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысына қатысты Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті.

Осылайша, ағымдағы жылдың 6 айының қорытындылары бойынша Мемлекеттік бағдарлама нәтижелерінің 39 индикаторының ішінен Басқарма 35-ке қол жеткізіп отыр. Бұл туралы алқа отырысында Басқарма басшысының міндетін атқарушы Рүстемова Әлия мәлімдеді.

Сондай-ақ, қала бойынша негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің жақсарғанын атап өткен жөн. Осылайша, соңғы жылдары елордада өмір сүру ұзақтығы артып, жалпы өлім-жітім, туберкулез, қатерлі ісік аурулары, қан айналымы жүйесі аурулары және басқалар азайды.

Өз баяндамада Рүстемов Ә.Ш. ана мен бала өлімін төмендетуге бағытталған негізгі іс-шараларды атап өтті. Жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге уақтылы, мамандандырылған, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін №1 Қалалық аурухананы және №2 Перинаталды орталықты біріктіру арқылы №1 Қалалық көпбейінді аурухана құру жоспарлануда. Сондай-ақ, 250 төсек орны бар акушерлік бөлімнің құрылысы қарастырылған. Бұл жүкті және босанған әйелдер үшін қолайлы жағдай жасау мен медициналық көмектің сапасын арттыруға бағыталған шаралар.

Нұр-Сұлтан қаласы ДДСҰ ұсынған әдістеме бойынша сыртқы сарапшылардың аудиті арқылы медициналық көмекке тиісті сыртқы сараптамалар жүргізген әлеуметтік жоба шеңберіндегі жалғыз аймақ. Атап  айтқанда, бұл акушер-гинекология, неонатология және педиатрия, анестезиология – реанимация.

Алқа отырысында Әлия Рүстемова жедел жәрдем қызметінің жұмысына нақтырақ тоқтап, басты нәтижелерін атап өтті.

  • «Медициналық көмекті уақытылы көрсетуде жедел жәрдем қызметінің жұмысы ерекше рөл атқарады. Елорда тұрғындарының саны жыл сайын өсуіне байланысты «103» қызметіне қоңырау шалу саны да артты - 2019 жылы шамамен 307 531 жедел жәрдем қызметінқ қоңырау шалу тіркеліп отыр. Соңғы 4 жылда жедел жәрдем паркі 50% жаңартылды. Осы жылы 52 жедел жәрдем көлігін сатып алу жоспарлануда, оның ішінде 25-і бұрын болмаған толыққанды реанимобильдер. Барлық тендер рәсімдері аяқталып, автомобильдерді жеткізу 2019 жылдың қазан айында болады деп күтілуде. Медициналық көмектің сапасын және жаңа әкімшілік ауданда қоңыраулар логистикасын жақсарту мақсатында 230 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсететін «Байқоңыр» қосалқы станциясы (Жұбанов к-сі, 10а) ашылды», - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Осыған қоса, жиын қатысушыларға жақын болашақта жүзеге асырылуы тиіс жоспарлар мен міндеттер айтылды. Бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қол жетімділігінің артуы, қалалық біртұтас клиникалардың көп салалы емханалармен үйлесуі. Сонымен қатар, Басқарма «Мәскеу дәрігерімен» ұқсастық бойынша «елордалық дәрігер» жобасын жасауды жоспарлап отыр. Жобаның мәні - өздігінен жұмыс жасайтын, жаңа технологияларды енгізетін елордалық дәрігерлерді көтермелеу, мәртебесін көтеру.

Жиналыс қала әкімінің орынбасары Б.М.Мәкен төрағалығымен және вице-министр О.А.Әбішев, медициналық қоғамдастық, қаланың медициналық ұйымдарының бірінші басшыларының қатысуымен өтті.

Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкенұлы Басқарманың қызметіне оң баға беріп, жиналыс аяғында бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109