4362

«Берекелі Баспана» бағдарламасы бойынша пәтерлерінің кілттерін кезекте тұрған 298 адам алды

Конституция күні қарсаңында «Берекелі Баспана» тұрғын үй бағдарламасы аясында елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен кезекте тұрған адамдарға пәтерлердің кілттерін табыстады, деп хабарлайды «Нұр-Сұлтан» әкімдігінің сайты.

Бүгін елордадағы бақытты пәтер иелері Р.Қошқарбаев даңғылы, 80/1 және Лепсі, 42/1 үй мекен-жайы бойынша орналасқан пәтерлеріне көшті. Үйлер сатып алу құқығысыз жалдамалы баспана беруді қарастыратын «Берекелі Баспана» тұрғын үй бағдарламасы аясында қала әкімдігінің тапсырысы бойынша салынды.

Пәтер кілттерін табыстау рәсімінде қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен құттықтау сөз сөйледі.

«Бүгін барлығы үшін керемет мереке! Елордада баспана алу - ерекше қуаныш. Көбісі армандаған тұрғын үйді 10 жылдан астам уақыт күтті. «Берекелі Баспана» бағдарламасынан өткендердің барлығына бұл мемлекет тарапынан жасалған жақсы қолдау. Егер сіз бұрын бюджеттің көп бөлігін жеке тұрғын үйді жалдауға жұмсасаңыз, енді үнемделген ақшаны арманыңызға жұмсай аласыз, өйткені бұл үйде жалдау бағасы айына 5000-нан 10000 теңгеге дейін болады», - деді ол пәтер қожайындарына.

Олармен бірге әкім орынбасары жаңа пәтерлерді қарап шықты.

Кезекте тұрғандардың арасында «көп балалы отбасылар» санатындағыларға 150 пәтер, «халықтың әлеуметтік әлсіз топтары» санатына кіретіндерге - 148 үлестірілді.

Еске салсақ, 2019 жылдың 6 тамызынан 12 тамызына дейін елорданың Тұрғын үй қоры өзінің ресми интернет-ресурстарында тұрғын үй кезегіне қатысуға ниет білдірген азаматтардан осы бағдарлама бойынша құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлама орналастырды. Өтініш берушілердің арасында таңдау кезекке қойылған күніне қарап жасалды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109