2920

Резервтегі офицерлері Нұр Сұлтан әскери институттарында оқу-жаттығу жиындарына шақырылды

Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті
2019 жылғы 10 қыркүйек пен 10 қазан аралығында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді, деп хабарлайды Елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының әскери оқу мекемелеріне запастағы 87 офицер шақырылатын болады.

Аталған жиындар жұмылдыру ресурстарын даярлау және қайта даярлау, далалық дағдыны және іс-қимылдар үйлесімдігін арттыру мақсатында қткізіледі. Сонымен қатар жиындардың басты міндеті ретінде жауынгерлік үйлесімділік іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіру, қойылған міндеттерді орындау барысында бөлімшелердібасқаруды ұйымдастыру анықталған.

Жиыннан өтуге 40 жасқа дейінгі, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды, запастағы офицерлер әскери оқу жиындарын өтуге шақырылады. Әскери оқу жиындарын өту кезінде ҚР заңнамасына сәйкес  жиынға қатысушылардың жұмыс орыны сақталып, Қорғаныс министрлігімен қарастырылған орташа еңбек ақысы төленеді.

Әскери оқу жиындарының бағдарламасын сәтті меңгерген запастағы офицерлерге кезекті әскери әскери атақтары беріледі. Әскери оқу жиындарын өту кезінде әскери міндеттілер жалпы әскери нормлаларға сәйкес әскери киіммен, азық-түлікпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.

 

Барлық сұрақтар бойынша байланыс:

1) Алматы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы – Иманбаев, 16, тел.49-64-34,

2) Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы – Әуезов, 5 а, тел.48-20-31,

3) Сарыарқа ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы – Әуезов, 5а, тел.32-80-79.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109