3145

Алтай Көлгінов елордалық мектептердің жөндеу жұмыстарын тексерді

Қала әкімі Алтай Көлгінов қаладағы екі мектептің жөндеу жұмыстарымен танысты. №30 мектеп-гимназиясы 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары бірінші рет жүргізілуде. 

Мектепте ғимаратының қасбеті жөнделіп, терезелер, есіктер ауыстырылды, қабырғалар тегістелді, желдеткіш орнатылды. Сондай-ақ, мектеп шатырын жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету, электр жүйелері ретке келтірілді, өрт дабылы орнатылды.

Осындай жұмыстар № 32 мектеп-гимназиясында жүргізілді. Сондай-ақ, мердігерлер ғимараттың барлық батареяларын, жарықтандыру шамдарын және едендерді ауыстырды. Мектеп аумағында қысқы уақытта спортпен шұғылдану үшін хоккей корты бар.

Қалада барлығы 108 мектеп бар. Орташа жөндеу жұмыстары 24 мектепте, ал күрделі жөндеу жұмыстары 8 мектепте жүргізіліп жатыр. Алдағы 5 жылға 40 білім беру нысанының құрылысы жоспарланған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109