3955

«Елорда жастары сыйлығы -2019» байқауына құжаттар қабылдау басталды

Байқауға 14-29 жас аралығындағы елордалық жастар қатыса алады, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қатысу үшін өтініштерді қабылдау 15 қазанға дейін жалғасады. Байқау елорданың белсенді, шығармашыл жастарын мемлекеттік деңгейде қолдауға, креативті жастардың үкіметтік ұйымдармен тығыз ынтымақтастығына және олардың жетістіктерін xалық арасында насихаттауға бағытталған. 

Жастар жылы аясында өткізілетін «Елорда жастары сыйлығы» сыйлығына 14-29 жас аралығындағы, халықаралық немесе республикалық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары, өз саласының үздігі атанып, елордамыздың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген белсенді жастар үміткер бола алады. Байқауда 16 номинация және екі арнайы сыйлық қарастырылған. Байқау комиссиясы әр номинация бойынша үздік үштікті іріктейді, жеңімпаздарды халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша анықтайды. Олардың есімдері 7 желтоқсан  "Бейбітшілік және келісім сарайында"өтетін салтанатты кеште жарияланады. Сыйлық жеңімпаздарына  дипломдар мен естелік статуэткалар беріледі.

Байқау ғылым, заманауи шығармашылық өнер, журналистика, әлеуметтік қызмет, спорт, кино және театр, эстрада, әлеуметтік саланың үздік қызметкері, Өндірістің үздік қызметкері, жыл волонтеры, жас кәсіпкер, Үздік мемлекеттік қызметкер, SMM-менеджер, Жыл Студенті және т.б. аталымдар бойынша өтеді. Халықтық SMS-дауыс беру біздің ресми сайтта жүзеге асырылады.

Толық ақпаратпен www.elordajastary.kz сайтында танысуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109