1422

А. Көлгінов мектепке баратын жолдар туралы: "не көлікпен жету, не жаяу бару мүмкін емес"

Елорда әкімі таңертенгі аралау кезінде екі мектепке барып, олардың жұмыс барысымен танысты. 

Мәселен, №28 мектептің қосымшасының құрылысы жүргізілуде. Жаңа корпус 300 орынға есептелген. Сондай-ақ, қосымша ғимаратта спорт зал, асхана болады. Корпус қазан айында ашылады. Мектеп қосымшасы аумағында ойын алаңы орнатылады.

Таңғы аралау аясында барған екінші орын №67 мектеп болды. А. Көлгінов мектепке қауіпсіз кіреберіс жолын салу қажеттілігі туралы айтты.

"Мектептерді салып жатырмыз,бірақ кіреберіс жолдары туралы ойламаймыз. Осындай мәселе №75 мектебінде бар. Тұрғызған жаңа құрылыстар жанында, дұрыс жол жоқ. Ата-аналар мен оқушыларға аулалар арқылы баруға тура келеді. Оқу орындарына қауіпсіз жолдар салу, көлікке арналған тұрақ орындарын ойластыру қажет", - деді А. Көлгінов.

Бұдан басқа, ата-аналар мен оқушылардың ыңғайлылығы үшін бірнеше жерде калиткалар ашылады. Алдағы 5 жылда елордада 40-қа жуық білім беру нысаны салынады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109