3006

Қалалық әкімдікте елордалық ПИК-тер мен лифт ұйымдарының проблемалы мәселелері талқыланды

Елордалық әкімдікте әкімнің орынбасары Нұрлан Нүркеновтің төрағалығымен ПИК-тер мен лифт шаруашылықтары жұмысының проблемалы мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы болып өтті. 

Қатысушылар тұрғын үй кешендерінің тіршілігін қамтамасыз етуге қатысты KOMEK109 қалалық орталығына келіп түсетін астаналықтардың өтініштері мен шағымдарын және олардың орындалу барысын талқылады, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты.

Жиын барысында іKOMEK109 орталығы басшысының орынбасары Дина Темірғалиева көппәтерлі тұрғын үйлердің тіршілігін қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты өтініштер туралы хабардар етті.

Ағымдағы жылдың басынан бері 17 852 өтініш, ал 13 тамыз бен 20 тамыз аралығында 454 өтініш келіп түсті, бұл өткен апталардағы өтініштермен салыстырғанда 12,3%-ға көбірек. Өтініштердің көпшілігі сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және санитарлық тазалауға қатысты болды. Атап айтқанда, келіп түскен өтініштердің көп бөлігі «Тұрмыс» ЖШС, «Астана Жил Сервис» ПИК, «Целинный» ПИК, «Лакшери Консьерж Астана» ЖШС сияқты ПИК-терге қатысты келіп түсті.

Сонымен қатар 13 және 20 тамыз аралығындағы кезеңде iKOMEK109 қалалық орталығына лифт ұйымдарының мәселелері бойынша 60 өтініш қабылданып, олардың 22-сі адамды эвакуациялау туралы өтінішпен лифтінің тоқтап қалуына қатысты келіп түскен. Барлық өтініштердің жартысынан астамы қызмет көрсетуші компанияларға қатысты келіп түсуде.

Ағымдағы жылдың басынан бері қала әкімдігі қаланың барлық лифтілерін тексеруден өткізді. Нәтижесінде, 78 лифтінің қанағаттанарлықсыз күйде екені, оның ішінде 2 лифтінің пайдалану мерзіміне байланысты тоқтап тұрғаны анықталды. 76 лифтіге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы аудандық әкімдіктермен бірлесіп, электр қозғалтқыштарын, есік роликтерін жөндеу бойынша жұмыс жүргізді, лифтіні тазалау және басқару блогын баптауды орындады.Қазіргі таңда 5 КПТҮ 12 лифтісі ауыстырылды. Сонымен қатар лифт ұйымдары қауымдастығының авариялық қызмет өкілдері тарапынан қызмет машиналарының автобус желісімен қозғалуы туралы мәселе көтерілді. Тұрғындарды лифтілерден эвакуациялауды жылдамдату мақсатында регламенттік мерзімді азайту тапсырылды.

Отырыста КПТҮ қасбеттерінің ахуалына қатысты шағымдар мен өтініштерге айрықша көңіл бөлінді. Ағымдағы жылдың басынан бері iKOMEK109 орталығына 21 тамыздағы деректер бойынша 595 өтініш келіп түсті, оның ішінде 410 өтінім қаптау тақтайларының құлауына, салбырауына және сыртқы қабығын қалпына келтіруге байланысты болды.

Әкімнің орынбасары Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына, аудандық әкімдіктерге қасбеттердің қанағаттанарлықсыз күйі бойынша шағымдарды қысқа мерзім ішінде шешу үшін нақты тапсырмалар берді. Осылайша, Сарыарқа даңғылы, 43 («Гранд жил сервис» ЖШС), Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғ., 25/1 үй («Тұрмыс» ЖШС) мекенжайлары бойынша қасбеттердің нашар күйде екені анықталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109