3182

Нұр-Сұлтан қаласында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды

ҚР вице-премьері Б. Сапарбаев пен Елорда әкімі А. Көлгінов жаңа "ЖАНҰЯ" атты отбасы институтын қолдау орталығының жұмысымен танысты. Орталық қала тұрғындарына "бір терезе" қағидасы бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетеді. 

Тұрғындар аталмыш орталықта АӘК алу, білім алу, жұмысқа орналасу, өз ісін ашу, балаларды кезекке қою, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және т. б. сұрақтарға жауап ала алады.

ҚР Вице-премьері Б. Сапарбаев мемлекеттік органдар халыққа, еліміздегі отбасыларға қызмет етулері керек екендігін және де халық көмекті бір жерде алу керек деп атап өтті.

"Нұр-сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов демеушілер мен кәсіпкерлерді тартып, орталықты 100 млн теңгеге жөндеп, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды", - деді Б. Сапарбаев.

Сондай-ақ, осындай орталықтарды еліміздің өңірлерінде де ашу қажет екенін атап өтті.

"Біз әкімдікте басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің қатысуымен өткізілетін азаматтарды қабылдау жүргізудеміз. Тұрғындарды қабылдау жүйелі түрде өтіп тұрады. Екі айда мен жеке өзім 300-ден астам адамды қабылдадым. Тұрғындар бізден кез-келген күні келіп, толғандыратын сұрақтарға жауап ала алатын орталық ашуды сұрады. Көптеген адамдар бізге жұмысқа орналасу және білім алу мәселелерімен жүгінеді. Мәселен, қосымша білім алу үшін қандай курстардан өту керек, "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасына қалай қатысуға болатындығы туралы жиі сұрақтар қояды. Осы орталықта да азаматтарды жеке қабылдайтын боламын", - деді А. Көлгінов.

Мемлекеттік қызмет көрсету орталығында 30-ға жуық маман жұмыс істейді, сондай-ақ психологтар мен медиаторлар бар. Мекемеде барлық жағдай жасалған: ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған лифтілер бар, балалар үшін арнайы ойын аймағы ашылған, орталық қызметкерлері балаларға қарайды. Мамандар өз ісін ашуға көмек көрсетеді, кәсіпкерлер мотивациялық бизнес-тренингтер өткізеді.

Сонымен қатар, орталық базасында қала әкімінің ашық қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді. Сондай-ақ аудан әкімдері, басқармалар мен басқа да ұйымдардың басшылары кестеге сәйкес азаматтарды қабылдайды. Орталық сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109