2774

"Жағалау-3" ТК үлескерлері пәтерлерді әр кіреберіс бойынша тапсыруды сұрады

Қала әкімі Алтай Көлгінов кешкі аралау барысында "Жағалау-3" үлестік құрылыс объектісіне қайта барды. 

Тұрғындардың айтуынша, объектіде жұмыс қайта басталған. Қазір 50-ден астам жұмысшы еңбек етіп жатыр.

"Жағалау-3" тұрғын үй кешені 7 кіреберістен тұрады. Үлескерлердің жалпы саны 300 адамнан асады. Пәтер иелері пәтерлерді әр кіреберіс бойынша тапсыруды сұрады.

"Біздің үйіміз 80% - ға аяқталды. Егер үй инженерлік желілерге қосылса, пәтерлерде тұрып бастауға болады. Кіреберістер дайынның қасы. Біз пәтер алып, ипотека төлейміз. Өз пәтерімізге көшіп, жөндеу жұмыстарын бастағымыз келеді.",- деді үлескерлер.

Қала әкімі А. Көлгінов әкімдіктің міндеті - құрылыс салушыға/инвесторға үй салуға жағдай жасау және көмектесу екенін атап өтті.

"Басты мақсатымыз тұрғындардың пәтер кілттерін алуы. Құрылыс маусымы әлі аяқталған жоқ, құрылыс қарқынын арттыру керек. Барлық күшті белгілі бір кіреберістерге шоғырландырып, жұмысты аяқтаған соң басқа кіреберістерге кірісу қажет. Бірінші кезекте үйді электр жүйесіне қосуыңыз керек, кешкі уақытта үйдің ішкі өңдеуімен айналысыңыз. Сондай-ақ, үйді инженерлік желілерге қосып, аумақты абаттандыруға кірісу қажет", - деді А. Көлгінов.

Инженерлік желілер мен тұрғын үй кешенін абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттама бар. Қалада барлығы 51 проблемалы объект, 14 мыңнан астам үлескер бар. А. Көлгінов қаланың ұзақ құрылыстарына қайта барып, әрқайсысы бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстарды тексеруде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109